воскресенье, 06 октября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстанға алқабилер сотының классикалық үлгісі қажет

Қазақстанға алқабилер сотының классикалық үлгісі қажет

Қазақстанда алқабилер сотының пайда болғанына 12 жылға жуықтады. Бұл кез-елген институт үшін әжептәуір уақыт. Алқабилер сотының қазіргі жағдайы қандай деген сауалдың жауабын exclsuvie.kz Құқықтық саясатты зерттеу орталығының басшысы Татьяна Зиновичпен сұхбат барысында анықтауға тырысты.

Шеффен соты

Татьяна Зинович түзетті: «Қазақстанда алқабилер соты жоқ. Бізде алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот бар. Бұл біз кинодан көріп үйренген алқабилер сотының классикалық үлгісі емес».

Сарапшының айтуы бойынша Қазақстандағы алқабилердің қатысуымен өткізілетін соттың үлгісі кәсіби соттар коллегиясы мен халықтық алқабилердің аралас соты немесе шеффен соты деп аталады.

Классикалық алқабилер сотының ерекшелігі алқабилер коллегиясы мәжіліс бөлмесіне кетеді және кәсіби соттың қатысуынсыз алқабилер сотында ісі қаралып жатқан тұлғаның кінәсі туралы шешім қабылдайды. Коллегия шешім қабылдаған соң кәсіби сот айыпкерге берілетін жазаның мөлшерін анықтайды. Кинематограф бізге дәл осы рәсімді көрсетеді. «12 ызалы еркек» фильмін немесе «12» деп аталатын осы фильмнің Никита Михалков түсірген ремейкін есімізге түсірейік.

«Біздің пікірімізше, кәсіби сотпен бірге мәжіліске қатысатын азамат алқаби деп атала алмайды, - дейді Татьяна Зинович, - Мұндай халық өкілі кеңес әдебиетінде халық қосшы биі деп аталатын. Сол себепті де біздегі аралас үлгі «алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот» аталады. Біздің алқабилер мәжіліс бөлмесінде кеңеседі және іске жетекшілік ететін сотпен бірге дауыс береді».

Қазақстандық үлгінің іс жүзіндегі әлсіздігі неде?

Аралас сотты енгізбестен бұрын қазақстандық сарапшылар кәсіби соттардың іс бойынша шешім қабылдауға қатысу барысында өз мүдделерінде тұруы, кәсіби маман ретіндегі беделіне сүйеніп алқабилерді иландыруы, сәйкесінше, мәжіліс бөлмесінде оларға қысым көрсетулері мүмкін деген қауіптерін білдірген болатын. Аралас сот туралы заңнаманың авторлары, өз кезегінде, аталған қорқыныштардың негізсіз екенін алға тартады.

Дегенмен біздің пікірімізше, алқабилер сотының табысты болуы оның еркін «тыныс алуы», яғни соттарға тәуелді болмауына тікелей байланысты. Бұл халықтық қатысудың барлық үлгілеріне бірдей қатысты, ал аралас үлгіде алқабилердің тәуелсіздігіне кепілдікті қамтамасыз етуге үлкен назар аудару қажет.

Кәсіби топтар, ғылыми орталар мен азаматтардың пікіріндегі соттың қысымы қажетті шешімді қабылдауға дөрекі қысым көрсету түрінде болуы міндетті емес. Ол әр алуан формада болуы мүмкін.

Мысалы, алқабилердің алдында айыпталушыға қатысты қате түсініктер қалыптастыратын мәлімдемелер жасау жеткілікті. Немесе айталық алқабилерді жазалауға қатысты жаңылыстыру, алқабилерді өздерінің құқық мәселесінде білікті еместігіне сендіру, алқабилерді белгілі бір шешімге итермелеу үшін айғақтармен айла-шарғы жасау, лайықсыз үкім үшін жауапкершілікке тарту туралы қоқан-лоқы көрсету, дауыс беру рәсімін бұрмалау сынды әрекеттер орын алуы мүмкін.

 Алқабилерге қалай қысым көрсетіледі?

Қазақстандық тәжірибе сарапшылардың қауіптерін дәлелдеді. Мысалы БАҚ-та соттың алқабилерді заңның мазмұны мен түсіндірмесіне қатысты адастыру әрекеті талқыланған. Кәмелетке толмаған сотталушыны айыптау бойынша қарағандылық іс біраз толқыныстар тудырған. Аралас коллегияның құрамына кірген алқабилер іске жетекшілік ететін соттың қорғаушы тарапқа қарсы өзінің тысқары пікірін ашық білдіргенін және мәжіліс бөлмесінде алқабилерге сотталушыны айыпты деп тануға мәжбүрлейтін қысым көрсеткенін ашық жариялаған болатын. Алқабилер сотталушыны кінәлі деп табудан бас тартқан соң, сот алқабилерді таратып, жаңа коллегияны жасақтау туралы үкім шығарады. Жабық сот отырысының мәліметтерін жариялағаны үшін алқабилерге айыппұл тағылды. Ал соттың алқабилерге көрсеткен қысымы үшін жауапқа тартылу-тартылмағандығы бізге беймәлім.

Алқабилерді мұндай жариялы түрде айыптау тұрғындар үшін қауіп дабылы болды және келешекте басқа да істер бойынша алқабилерге көрсетілетін қысым фактілері туралы ақпараттың жария болуының алдын алу шарасы іспетті. Мұндай фактілердің тек жекелеген соттың ғана емес, бүкіл сот билігінің беделіне нұқсан келтіретінін түсінген жөн. Осындай үрдістерге қатысқан алқабилер жалпы сот жүйесінің әділдігінен көңілдері қалады да, өзінің теріс тәжірибесімен айналасындағылармен бөлісетін болады. Бұл  тұрғындардың сот билігі мен заңға деген сенім деңгейлерін төмендетері күмәнсіз. «Бұл бізде үрей туғызады, - дейді Татьяна Зинович, - Себебі бүкіл әлемде алқабилер соты туралық пен әділдікті жоғарғы көрсеткіштерін көрсетеді. Оның өлшемі - алқабилер сотындағы ақталулардың саны бойынша көрсеткіштер болып табылады».

Алқабилерге көрсетілетін қысымға қарсы кепілдіктер бар ма?

«Өкінішке орай мұндай кепілдіктер заңда жоқ. Қосшы бидің қызметіне араласуға тыйым тек тараптарға қатысты, сотқа қатысты емес. Мысалы заң шығарушы алқабидің сотқа төрелік етушінің тарапынан өзіне көрсетілген қысым фактісі туралы құзіреттілігі жоғары сот инстанциясына, БАҚ немесе тараптарға хабарлау құқығын енгізуіне болар еді. Немесе төрелік етушінің мұндай әрекеттерін тәртіптік теріс қылық немесе қылмыс ретінде тану, қысым көрсету фактісі тіркелген жағдайда сот үкімін болдырмау мүмкіндігін қарастыру және т.б. әрекеттер қажет.  

Алайда бұл орындалған жоқ. Алайда біздің көзқарасымыз бойынша мұндай кепілдіктер де қысым көрсету ықтималдығын жүз пайызға жоя алмайды. Аталған мәселені тек классикалық үлгіге ауысу арқылы ғана шешуге болады.».

Соттардың әлеуметтік сауалнамасы

Татьяна Зиновичтің айтуынша, әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі, сонымен қатар БАҚ беттеріндегі репортаждардың арқасында танымал болған бірқатар жағдайлар Қазақстандағы аралас сотта шешім қабылдау үрдісіне соттардың ықпалы туралы гипотезаны растады.

Мысалы, 2010 жылы Қазақстанда алқабилердің қатысуымен өткізілетін соттың енгізілгеніне 3 жыл өткенде ЕҚЫҰ соттардың арасында сауалнама жүргізген болатын. Әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан соттардың жартысынан кемі аралас коллегияда шешім қабылдаудың дербестігі мен тәуелсіздігіне кепілдік беріледі деп есептейді екен.

Сауалнамаға жауап берген соттардың жартысынан астамы (52,8%) аралас сотқа емес, алқабилер сотына артықшылық берген.

«Алқабилердің қатысуымен істердің қараудың қазіргі тәртібі сізді қанағаттандырады ма?» деген сауалға теріс жауап берген 37% сот өкілдері өзге қанағаттанбаулармен қатар келесілерді атап көрсеткен: «айыптылық туралы мәселені алқабилердің өздері шешуі тиіс»; «сот алқабилермен бірге мәжіліс бөлмесінде болмауы тиіс»; «басқа (классикалық) үлгі қажет»; «кәсіби соттар айыпталушының қылмыстылығы туралы мәселені шешуге қатыспауы керек»; «айыптылық немесе қылмысы жоқтық туралы үкімді алқабилердің өздері шешуі керек» және т.б.

Қорғаушылар да ҚР-дағы алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот ісі үлгісін өзгертуді жақтайды. «Біздің Орталығымыз 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларында 128 қорғаушылардың арасында жүргізген сауалнаманың нәтижелері көпшілік қорғаушылардың алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот істерінің тәртібіне қанағаттанбайтындықтарын көрсетті, - дейді сарапшы, - Қорғаушылардың көңіл толмаушылығының ең кең тараған себебі – соттардың алқабилерге ықпалықысымы. Қорғаушылардың басым көпшілігі (90,7%) соттар мен алқабилердің ортақ мәжілісі мен шешім қабылдау үрдісін құптамайды.

Сондай-ақ біздің ұстанымымызды бірқатар қазақстандық ғалымдар мен заңгер-практиктер қолдайды. Олардың қатарында арамыздан жақында ғана кеткен Қазақстан Республикасындағы Адам құқығы жөніндегі алғашқы уәкіл Б.К. Байқадамов та болатын».

Еуропалық елдерде де аралас сот үлгілері бар.

Сарапшылардың түйіндері жай гипотеза емес, олар бірқатар еуропалық елдердегі аралас коллегиялы соттарды ғылыми зерттеудің нәтижелеріне негізделген. Мысалы герман аралас сотын зерттеу халық қосшы билері кәсіби соттармен бастапқыда келіспеген жағдайлардың 70%-да кейіннен олардың кәсіби әріптестеріне жол беріп, өз ұстанымдарынан бас тартатынын көрсеткен. 

Венгр ғалымының зерттеуіне сәйкес венгерлік соттар халық билерін (ülnök) тең әріптес ретінде қарастырмайды, себебі кейінгілер шешім қабылдау үрдісіне қатыспайды және тіпті ондай рөлі де жоқ. «Алқабилер бастапқыда сотта белсенді ұстаным танытқанмен, кейіннен пассивті қатысушыға айналып, соттың дәстүрлеріне бейімделеді де, тек көрермен рөлін ойнайды».

Хорватиядағы зерттеу хорваттық кәсіби соттар мен халық билерінің келіспеушілігі жиі орын алмайтындығын, ал халық билері дауыстарының басымдылығы мен олардың сот үкіміне ықпалы аса сирек кездесетінін көрсеткен.

Резюме

«Атап өткенімдей, кәсіби соттармен салыстырғанда алқабилер сотындағы ақтау туралы шешімдердің үлесі айқын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Классикалық үлгі қызмет ететін Ұлыбритания, АҚШ немесе біздің көршіміз Ресей Федерациясы сынды елдерде мұндай мәселелер мүлде жоқ. Сондықтан аралас сот сырқатының дауасы біреу ғана: алқабилердің қатысуымен өткізілетін қазақстандық сот үлгісін классикалық алқабилер сотымен алмастыру», - деп қорытындылады Татьяна Зинович.

Дереккөз:  http://www.exclusive.kz/expertiza/obshhestvo/114873/?dt=mp

ашық көздерден алынған иллюстрациялар

Оставить комментарий

Общество

21 урок для XXI века 21 урок для XXI века
Редакция Exclusive
24.12.2018 - 12:57
Сетевые БАЙТЕ'речи Сетевые БАЙТЕ'речи
Редакция Exclusive
22.12.2018 - 11:06|
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33