вторник, 03 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстан – Сингапур: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Сингапур ұзақ уақыттан бері Қазақстан үшін мемлекет-корпорация ретінде үлгі болып келеді. Көлемі Алматы қаласынан сәл-ақ асатын көпұлтты һәм әртүрлі діндерді ұстанушылар қоныстанған мемлекет егемендігімізді алған сәттен бастап еліктейтін елге айналды.

ҚР-ның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлеймен бүгін өткен брифингте еліміздің Сингапур, Австралия және Жаңа Зеландия арасындағы ынтымақтастығының жаңа көкжиектерін ашып көрсетті.

Санскрит тілінде Сингапур «арыстан қаласы» мағынасын білдіреді. Сингапур аралдық-мемлекет болып табылады және жалпы жер көлемі 719 шаршы км. құрайды (Алматы қ. көлемі 682 шаршы км.). Мемлекет басты арал – Сингапурдан (ұзындығы 42 км., ені 23 км.) және жақын арадағы 63 ұсақ аралдардан тұрады.

Мемлекеттің жылпы халық саны 5,6 млн. адам (2016 ж. қыркүйек айындағы мәліметтерге сай), оның ішінде 3,9  млн. адам тұрақты және 1,7 млн. адам бейрезидент шетел азаматтары.    

Сингапур әлемдегі халқы тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі болып саналады және халықтың 1 шаршы км. жиілігі 7,7 мың адам (Қазақстанда 1 шаршы км. 6,5 адам). Бүгінгі таңда халықтың 74,3%   қытайлықтар құрайды, 13,3% – малайлар, 9,1% – үнділер, 3,3% – басқа ұлттар. Оның ішінде, 51% буддизм мен таоизм, 15% – христиан діні, көбінесе католицизм мен протестанттар, 14% – ислам және 4% – индуизм дінінің ерушілері.

Мемлекет өзінің тарихында Британ империясының (1867-1942 жж., 1945-1963 жж.), Жапонияның (1942-1945 жж.) және Малайзияның (1963-1965 жж.) «протектораты» аясында болған. Сингапур тарихындағы қызықты фактілердің бірі ретінде - мемлекет өз еркіне қарамастан тәуелсіздікке ие болған (1965 ж. Малай федерациясымен келіспеушіліктерге сәйкес, федерация құрамынан шығарылған).

1959-1990 ж.ж. Сингапурдың бірінші Премьер-министрі Ли Куан Юдің билігі кезінде табиғи ресурстардан, соның ішінде ауыз су көздерінен айырылған Сингапур, көптеген ішкі проблемаларды шешіп, үшінші әлем елдері қатарынан жоғары дамыған елдер қатарына зор серпіліс жасады. Қазіргі таңда, мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) жан басына шаққандағы көлемі 52,8 мың АҚШ долл. құрайды және бұл көлем әлемдегі ең жоғары көрсеткіштер қатарына кіреді (мемлекеттің атаулы ЖІӨ 293 млрд. АҚШ долл.).    

СИНГАПУРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Қазіргі таңда Азия-Тынық мұхит (АТМ) аймағы жаңа саяси-экономикалық орталыққа айналып, әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударуда. Осы тұрғыда, жаһандық сауда тізбектесінде және саяси өмірінде Сингапурдың айрықша орнын атап өту қажет.

Осыдан бұрын айтылғандай, табиғи ресурстардан айырылған мемлекет, бүгінгі күні АТМ аймағының индустриалды дамыған елдердің үздіктері қатарына кіруде. Сингапур әлемдегі жоғары дамыған инфрақұрылымды ірі сауда орталығы беделімен танымал.

Сингапур үкіметі мемлекетте аса тиімді әрі ашық нарықтық экономикалық жүйе орнатты. Үкімет әділ және жемқорлық деңгейі төмен әлеуетке ие, әр-түрлі бағалауларға сәйкес жемқорлық фактісі тіркелмеген елдерінің арасында, Сингапур әлем бойынша бірінші ондықта, ал Азия мемлекеттері ішінде бірінші орын алуда.

Сингапур, АТМ аймағы елдерінің арасында экономикалық тұрғысы бойынша ең дамыған өңірлік және халықаралық сауда, қаржы, жаңа технологияларды жасау орталығы және коммуникация мен көлік торабы болып табылуда.

Мемлекетте жоғары технологиялардың қолдануымен ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту саласына ерекше көңіл аударылуда. Оның ішінде компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктерін, электрондық, телекоммуникациялық құрылғыларды және биотехнологияларды жасап шығару жатады. Сингапурда кеме жөндеу, кеме жасау қызметтері едәуір дамыған. Сонымен бірге, теңізде орналасқан мұнай өндірісінің кен орындарына қажетті құрылғыларды жасап шығарылады.

ҚАЗАҚСТАН МЕН СИНПАРУРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

1.1 Экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақстастығы үздіксіз өсіп келе жатқан өзара қызығушылықпен сипатталады.

Аталған қатынастардың негізі мен басымдығы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Сингапурға 1996 ж. мамырда және 2003 ж. қарашада өткен сапарлары барысында бекітілген болатын. Елбасының сапарлары екі-жақты жылы, достас, әрі өзара тиімді қатынастардың басты негізі болып қалуда.   

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жақында айтқан сөзіне сәйкес,  Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде, Сингапурмен тығыз қарым-қатынас жүргізіп және қала-мемлекетті әрдайым өзіндік бағдар ретінде қарастырған. Біздің мемлекет құрудағы жолдарымыз көп жағдайда ұқсас және Қазақстан түрлі бағдарламалар мен стратегиялар әзірлеу және іске асыру барысында Сингапурдың тәжірибесін мұқият зерделеп отырған.

Бүгінгі күндердегі күрделі және экономикалық бәсекелестік жағдайларда, іскер байланыстарды жоғары деңгейге шығару мақсатында инвестициялық белсенділікті арттыру қажет.

Сингапур қазақстандық тауарларды сатудың жаңа нарығына айналып келеді. Соңғы жылдар ішінде еліміздің аралдық мемлекетіне экспортының көлемі тұрақты ұлғаюда - 2012 ж. – 1,6 млн. долл., 2013 ж. – 55,5 млн. долл., 2014 ж. – 102,4 млн. долл., 2015 ж. – 122,7 млн. долл., 2016 ж. 9 ай ішінде – 37,6 млн. долл.

Қазақстандық экспорттың 99 пайызын шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері құрайды, ал сингапурлық импорттың ішінде мал және өсімдік майлары, химиялық өнеркәсіп, пластмасс, тері, тоқыма, зергерлік бұйымдар, ағаш және қағаз өнімдері, электрондық, механикалық құрал-саймандар, көлік және оның құрылғылары, оптикалық өнімдерден тұрады.

Жақында «Қазақстанның инвестициялық климаты – Сингапур мен Азия-Тынық мұхит аймағына жетілдірілмеген мүмкіндіктері» атты Қазақстан-Сингапур Бизнес форумын 2017 ж. бірінші жартысында өткізу және Сингапур қ. орналасатын «Қазақстан-Азия-Тынық мұхит сауда-инвестициялық палатасын» (Kazakhstan-Asia Pacific Trade & Investment Chamber (KAPTIC)) құру туралы бастаманы іске асыру үстінде.

Аталған форумды өткізу бастамасы тек Қазақстан басшылығымен емес, сондай-ақ Сингапур басшылығымен толықтай қолдау тапты. Шараға Азия-Тынық мұхиты аймағының 200-ден астам бизнес көшбасшылары және 100-ден астам казақстандық әріптестірінің қатысуы жоспарлануда. Ашылу пленарлық сессиясында Сингапурдың бұрыңғы Премьер-министрі, Құрметті аға министрі Го Чок Тонг мырзаның сөз сөйлеуі күтілуде (қыркүйек айында ҚР сапары өткен).  Мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру жолында, аталған палата нысаналы механизм болуы тиіс. 

Палата жұмысының басты мақсаты шетел инвестицияларын және жаңа технологияларды тарту, палата мүшелерінің тауарлары мен қызметтерін Қазақстанда, Еуразия Экономикалық Одағында және Азия-Тынық мұхиты аймағында ілгерілету, оларға қолдау көрсету, іскерлік климатты жақсарту, тарифтік және басқа шектеулерді жоюға және экспорттық өнімдерді сертификациялауға бағытталған қызмет көрсету болып табылады.

Қазіргі таңда бірнеше аймақтық ірі компаниялар

1. «City Developments Limited (CDL)» (Сингапур);

2. «Economic Development Innovations Singapore (EDIS)» (Сингапур);

3. «Nipsea Group» (Сингапур);

4. «Petroliam Nasional Berhad (Petronas)» (Малайзия);

5. «STARIN Investments and Developments» (Австралия)

палатаның ортақ құрылтайшы және мүше ретінде болу мәселелері қарастырылуда. Бұған қоса, палатаға мүше ретінде АСЕАН  мемлекеттерінің, Жапония, Оңтүстік Корея, ҚХР, Үндістан, Жаңа Зеландия және Австралияның сауда-өнеркәсіп палаталарының қосылу мүмкіндігі жөніндегі жұмыстары жүргізіліп келуде.

                Бұған қоса, сингапурлық тараппен еліміздегі әр-түрлі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, сингапурлық «Surbana Jurong» (бұрынғы «Jurong Consultants») компаниясы Қазақстанда химиялық кластерді дамыту бойынша консалтингтік қызметтер көрсеткен (2012 ж. мамыр айында Біріккен химиялық компаниясымен (БХК) қол қойылған Меморандумға сәйкес). Бұған қоса Атырау облысындағы Қарабатан станциясындағы мұнайхимиялық паркінің Бас жоспарын және техника-экономикалық негіздеуін (2013 ж. мамыр айында БХК-мен қол қойылған келісімге сәйкес), Қазақстанның қазіргі нарықтық жағдайын және еліміздегі барлық еркін экономикалық аймақтардың өнеркәсіп мақсаттары бойынша тиісті зерттеулер өткізді (2013 ж. тамыз айында «KAZNEX INVEST» қол қойылған келісімге сәйкес).

Аталған компанияның еліміздегі соңғы жобалары ішінде «Астана – Жаңа қала» еркін экономика аймағының екінші кезеңінің Бас жоспарын және техника-экономикалық негіздеуін әзірлеу болды (2015 ж. қыркүйек айында қол қойылған келісімге сәйкес).

Айта кетерлік жайт, аталған консалтинг компаниясының бүкіләлемдік беделі өте жоғары. Бұл компания Сингапурдағы «мұнайхимиялық аралдың», ҚХР-да орналасқан Сучжоу индустриалды паркінің және Әбу-Даби қ. өнеркәсіп қаласының операторы болып табылуда.   

Консультациялық жобалардан басқа, сингапурлық компаниялар Қазақстанның көмірсутек кен орындарын өңдеу жұмыстарына қатысуда. Қазіргі таңда «Azura International» компаниясы Ақтөбе облысындағы «Мамытское» қоңыр көмір кен орнын өңдеу жұмыстарын бастауда (2015 ж. қазан айында Ақтөбе облысының Әкімі Б.Сапарбаевпен компания президенті Кюю Накамура тиісті келісімге қол қойған). Келісімге сәйкес, сингапурлық тарап кен орнын барлауға 55 млн. АҚШ долл. бөлуді (болжамдарға сәйкес, кен орнында шамамен 600 млн. т. көмір бар) және 2016-2018 жж. ішінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орнындары құруды жоспарлауда.

Елімізге шетел инвестицияларын тарту және оларды қорғауға келесі жылы қол қоюға жоспарланған Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімі қосымша серпін беруі тиіс. Қазіргі таңда екі мемлекет үкімет өкілдері корытынды келіссөздер өткізу үстінде. 

Сонымен қатар, 2015 жылы сингапурлық тарап Еуразиялық экономикалық одақпен Еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға бағытталған келіссөздерді бастағанын хабарлаған. Сингапурлық тарап одақ мүше мемлекеттеріне ресми хаттарды жолдаған. Өз кезегінде бұл қадам келіссөздердің басталуын дәлелдеді.

Үстіміздегі жылы Сингапурдың Сауда және индустрия министрілігінің делегациясы Қазақстанға және одаққа мүше мемлекеттерге екі рет сапар шегіп, келіссөздер өткізді. Осыдан бір ай бұрын (қазан айында) тараптар Бірлескен техника-экономикалық негіздемені қабылдады.   

Бұл сингапурлық бастама еуразиялық нарыққа аса қызығушылығын білдіруде, ал белгілі болғандай аталған аймақтың өмірінде Қазақстан басты рөл атқаруда.   

Аталған бағыттар екі-жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін береді.  

1.2 Саяси ынтымақтастық. Бұл аралдық мемлекет 50 жыл тәуелсіздігі ішінде өте күрделі жұмыстар атқарып, қазіргі кезде әлемдік және аймақтық саяси өмірде маңызды орын алып келеді.

Бүгінгі күндері Қазақстан мен Сингапур жаһандық және аймақтық саясаттың өзекті проблемалары төңірегінде ортақ позиция ұстануда.

Сингапур 2001-2002 жж. БҰҰ тұрақты емес мүшесі болған, Ядролық сынақтардың барлығын қамтитын тыйым салу және Ядролық қаруды таратпау жөніндегі маңызды келісімдердің мүшесі, жаппай қырып-жою қару және қарусыздандыру мәселелерін, сондай-ақ әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаһандық күштеріне ат салысуда және осы мәселелер бойынша БҰҰ шеңберінде белсеңді жұмыс жүргізуде.   

Халықаралық көпжақты құрылымдар шегінде екі мемлекет арасында жемісті қарым-қатынастар орнатылған. Жақында беделді халықаралық ұйымдарда өткен сайлауларда (қазан-қыркүйек айларында) Қазақстан сингапурлық тараптың Дүниежүзілік пошта одағының пошта операция кеңесіне және Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) (қатарынан ек сайлауда) кандидатурасын қолдаған. Өз кезегінде, Сингапур Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу келіссөздері барысында қолдауын көрсетті және Дүниежүзілік пошта одағының әкімшілік кеңесіне мүшелікке еліміздің кандидатурасын қолдаған.

Сингапурдың Халықаралық көрме бюросының мүше болмауына қарамастан, аралдық мемлекеттің басшылығы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Мамандырылған халықаралық көрмесіне қатысу туралы шешімді қабылдаған (ЭКСПО-2017 Сингапур үшін 8-ші көрме болады. Бұдан бұрын Ванкувер (1986), Брисбен (1988), Севилья (1992), Ганновер (2000), Нагои (2005), Шанхай (2010) және Йосу (2012) көрмелеріне қатысқан). Сингапурдың Милан қ. өткен соңғы ЭКСПО жұмысына қатыспағанын ескеріп, бұл сингапурлық қадам елімізге жоғары сенімін және құрметтің айғағын білдіреді.

Сингапур басшылығының ақпаратына сәйкес, мемлекеттің ұлттық павильонының слоганы «Кіші қала – Үлкен мүмкіндіктер» (Small city – Big Ideas) болмақ және павильонда мемлекеттің энергияны үнемдеу және жасыл энергетика саласындағы соңғы және үздік зерттемелері ұсынылады. Сингапурлық павильон көрме барысында ең қызықты, әрі ілгері болуына сенімдімін.

Қазіргі таңда, Елшілік Сингапур басшылығын көрменің салтанатты ашылу рәсіміне немесе Ұлттық күніне (2017 ж. 25 шілде) қатысу мүмкіндігін пысықтауда. 

1.3 Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Мемлекеттер арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы өте жақсы дамыған. Бұның көрнекті дәлелі ретінде «Назарбаев Университеті» және Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік басқару мектебі арасында стратегиялық қарым-қатынастары (2012 ж.). 2015 ж. бері аталған сингапурлық мектептің профессоры Хуэй Венг Тат «Назарбаев Университетінің» Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің деканы лауазымына ие. Қазіргі таңда «Назарбаев Университеті» және Сингапурдың Ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді.    

Ү.ж. қыркүйек айында Сингапурдың Құрметті аға министрі Го Чок Тонгтың сапары барысында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Сингапурдың Мемлекеттік қызмет колледжі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумның негізгі мақсаттары мемлекеттік қызметкерлерінің көшбасшылық, мемлекеттік басқару, мемлекеттік әкімшілік ету саласындағы әлеуетін күшейту үшін арнайы мамандандырылған бағдарламаларды іске асыруды, тәжірибе және пікір алмасу мақсатында жұмыс және оқу сапарларын ұйымдастыруды қамтиды.

Бірнеше жылдар ішінде, еліміздің оқу орындарының 200-ден астам басшылары және оқытушылары сингапурлық «Темасек фаундэйшн» атты бағдарламасы шеңберінде біліктілігін арттыру курстарына қатысқан болатын. Сондай-ақ, жеке-меншік оқу орындары арасындағы ынтымақтастық жалғасуда.

Бүгінгі күні Сингапурда Қазақстанның 100 астам студенттері білім алуда, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 8 оқушы бар.

1.4 Визалық сұрақтар. Қазіргі таңда Қазақстан мен Сингапур арасында визалық режим бойынша келісімі жоқ. Сіздерге мәлімдей, 2015 ж. 26 маусым айында ҚР үкіметінің шешіміне сәйкес, 19 мемлекет азаматтары визалық тараптардан босатылған, соның ішінде Сингапур азаматтары да бар. Елшілік сингапур тарапымен бірігіп, Қазақстан азаматтарына аралдық мемлекетке визасыз сапар шегу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізуде.   

Елшіліктің консулдық бөлімімен бірілген визаларына қатысты ақпаратты ұсынамын.

- 2014 ж. 1525 қазақстандық виза, оның ішінде: 7 инвесторлық,  663 іскерлік, 469 туристік және басқалары;

- 2015 ж. 1096 қазақстандық виза: 4 инвесторлық,  369 іскерлік, 310 туристік және басқалары;

- 2016 ж. 9 ай ішінде 338 қазақстандық виза:  1 инвесторлық, 117 іскерлік, 83 туристік және басқалары.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, жыл сайын берілген визалардың көлемі азайып келуде. Алайда, сингапурдың туристік компаниялардың және аралжық мемлекеттің Қазақстанда бизнес жүргізіп жатқан өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, сапарлардың көлемі артып келуде.   

АВСТРАЛИЯ

1.1 Саяси ынтымақтастық. Қазақстанның Австралиямен қарым-қатынасы үздіксіз өсіп келе жатқан өзара қызығушылықпен сипатталады.

Соңғы жылдар ішінде, Астана мен Канберра арасында белсенді саяси диалог орнатылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың екіжақты форматта шешілмеген мәселелері жоқ, сондай-ақ халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдары ұқсас, әрі жақын болып табылады.

Австралия Қазақстанға Дүниежүзілік сауда ұйымына, адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесіне (2012-2015 жж.), «Азия – Еуропа» форумына енуге жан-жақты қолдау көрсетті. Сонымен бірге, Австралиялық топқа ену бойынша толықтай қолдау көрсетіп, кеңес беруде.

Сонымен қатар, Австралия Алматыда БҰҰ Азия және тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мен Еуропа экономикалық комиссиясының субрегионалды кеңсесін ашуға берген өтінімін қолдады. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына берген өтініміне толықтай қолдау көрсетті.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейінің дәлелі ретінде, Қазақстан басшылығының Сидней қаласында ҚР Бас консулдығын ашу туралы өткен жылдағы шешімін атап өтуге болады. Бұл қадам екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жандандыру мен одан әрі қарай дамыту үшін шынайы демеу болып табылады.

1.2 Экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық. Қазіргі таңда, Австралия елімізбен сауда-инвестициялық қарым-қатынастарын кеңейтуді жалғастыруда. Қашықтықта және тұрақты көлік, логистикалық бағыттардың болмауына қарамастан, 2016 ж. қаңтар-қыркүйек айларындағы екі жақты тауар айналымының деңгейі 22,8 млн. АҚШ долл. (экспорт 4,6 млн. долл., импорт 18,2 млн. долл.) жетті. Алайда, әлемдік экономиканың ағымдағы тұрақсыздығы мен минералды ресурстар бағасының құлдырауы екі жақты тауар айналымы көлемінің төмендеуі (2015 ж. 74,2 млн. долл., 2014 ж. 75,1 млн. долл.) түрінде көрсеткіштерге түзетулер енгізгендігін айта кету керек.

Қазақстандық экспорттық тауарларға сульфаттар, ашудас, ферроқорытпадар, қара металдан жасалған бұйымдар, вакуумды және ауа сорғыштар, күш қондырғылары табылады. «Жасыл континенттен» біздің елге жол техникасы (бульдозерлер, грейдерлер және т.б.) және олардың қосалқы бөлшектері, геодезиялық құралдар, топографиялық құралдар, медицинада, хирургияда, стоматологияда және ветеринарияда қолданылатын құралдар мен құрылғылар, ұялы байланысы желісі мен басқа да желісіз байланыс желілеріне арналған телефон аппараттары, бояулар мен лактар, тоқыма материалдар, жүзім шараптары, тамақ өнімдері және т.б. импортталады.

Қазіргі таңда, Қазақстанда австралиялық 67 заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың жұмыс атқарып жатқандарының саны 37. Көпшілігі тау-кенді игеру өнеркәсібінде жұмыс жасайды.

Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты қаңтардағы мақаласында жер қойнауын пайдаланудың австралиялық моделіне өту болашағы айтылған. Осы мәтінде Қазақстандағы австралиялық компаниялардың қызметі тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар тау-кенді игеру өнеркәсібіне алдыңғы қатарлы тәжірибе мен технологияларды енгізу саласында да тиімді.

 Осы бағыт бойынша ірі әлемдік ойыншының – Қарағанды облысында мыс-порфирлі кендерді барлау бойынша «Қазгеология» АҚ-мен екі бірлескен жобаны жүзеге асырып жатқан «Rio Tinto» австралия-британдық концерннің қызметін атап өтемін.

Анықтама: Корғантас – барлау учаскесінің аумағы 3,909 шаршы шақырымды қамтиды. Іздеу кезеңіне бөлінетін инвестицияның жоспарлы сомасы 6 млн. АҚШ долл. 2015 ж. 17,350 сызықтық шақырымдар көлемінде аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізілді және жер үсті геологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2016 ж. жер үсті геохимиялық және геофизикалық зерттеулер жоспарланған. Балқаш-Сарышаған – учаскенің аумағы 12,918 шаршы шақырымды қамтиды. Іздеу кезеңіне бөлінген инвестиция сомасы 9,7 млн. АҚШ долл. қамтиды. Дала жұмыстары 2016 ж. көктемінде басталды. Кем дегенде 10 000 шақырым көлемінде аэрогеофизикалық зерттеулерді, сонымен қатар жер үсті геофизикалық және бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Циркон мен жоғары сапалы титан бұйымдарының ірі өндірушілерінің бірі болып табылатын «Iluka Resources» беделді австралиялық компаниясы «Қазгеология» АҚ-мен бірлесе отырып  Қостанай облысында жер қойнауын геологиялық зерттеп жатыр. Негізгі мақсаты минералды құмдарға қатысты титан-цирконий мен қалайыны қамтитын кен орнын жаңа австралиялық технологияларды пайдалана отырып іздеу жұмыстарын жүргізу. Позитивті нәтижелерді алған жағдайда тараптар кен орындарын барлау мен тексеру жүргізуді және Қазақстанда титан-цирконий мен қалайы өнімдері өндірісінің негізін қалауды жоспарлап отыр. Австралиялық компания Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысының басқа да перспективті аудандарында аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған инвестициялардың жалпы көлемі 4,4 млн. АҚШ долл. құрайды.

2015 жылдың қараша айының соңында Қытай инвесторларына тиесілі «Kazakhstan Potash Corporation» австралиялық компания Батыс Қазақстан облысындағы «Сатимола» калий-бор кен орнын 70 млн. АҚШ долл. сатып алды.

«Востокшахстрой» АҚ мен «Byrnicut Mining» австралиялық компания арасында құрылған «Central Asia Mining» бірлескен кәсіпорны қызметін жалғастырады. Олар Ақтөбе облысында «Восход» хром кен орнында жұмыстар жүргізді.

2015 жылдың тамыздағы Елбасының ҚР бизнес өкілдерімен кездесуі барысында Мемлекет басшысы бағдар ретінде экономиканың австралиялық моделін анықтады. Сонымен қатар, Қазақстан халқына арнаған 2015 жылдың 30 қарашасындағы жыл сайынғы жолдауында, Президент техникалық және кәсіби мамандықтардың кадрларын даярлау жөніндегі Австралиямен бірлескен орталықтарды құру қажеттілігін көрсетті. Мемлекет басшысы көрсетілген тапсырмаларынан кейін бірнеше келіссөздер жүргізілір, олардың нәтижесінде австралиялық тарап Тау-кен өнеркәсібі департаментінде қазақстандық мамандарға арналған тәжірибелерді ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.

Аталған шаралар реттеу қағидасына, ресурстар мен қатты пайдалы қазбалар қорларын бағалау жүйелеріне біртіндеп өтуге және «алғашқы келді – алғашқы болып алды» қағидасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын онлайн берудің австралиялық әдістемесін енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геологиялық барлау құқығын алу мерзімдері мен процедуралары екі жылдан бір айға дейін қысқартылатын болады. Бұл жер қойнауын пайдалану саласында Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсартуға ықпал ететін болады.

Ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айтып өткім келеді. «ҚазАгроИнновация» АҚ мен «Өсімдіктердің функционалды геномикасы жөніндегі австралиялық орталық» АӨК-де, агротехнологиялардың трансферті мен коммерциялизациялауда, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуде білімдер алмасуды жүзеге асырып жатыр.

«ҚазАгроФинанс» АҚ экспорттық потенциалды дамыту бойынша жобаны жүзеге асыру аясында 2010- 2014 жж. аралығында «Абердин Ангус» пен «Герефорд» тұқымының 5 мыңнан астам австралиялық сиырларын жеткізуге келісімшарттарды қаржыландырды. Олар Қостанай облысындағы «Север-Агро Н» ЖШС-не, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС-не және Алматы облысындағы «Арқарлы-Майбүйрек» ЖШС-не жөнелтілді.

1.3 Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Екі елдің мәдениет, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты белсендіру маңызды бағыт болып қала береді. Мәдениет пен білім беру саласындағы диалог ерекше өзекті: Австралияның ерекше тарихы бар. Австралия Қазақстан секілді әрбір төртінші австралиялық азамат Австралиядан тыс жерде туылған мәдениеті алуан түрлі ел болып табылады. Австралиялық білім берудің жоғары сапасы мен тиімділігі туралы мына сандардан көруге болады: осы елдің университеттерінде 200 елдің 650 мың шетелдік студенттері білім алады. Білім беру экспорттың негізгі баптарының бірі болып табылады және Австралия табысының негізгі көздерін қамтитын үштік салаға кіреді.

1.4 Визалық сұрақтар. Қазіргі таңда, Қазақстан Үкіметі 2017 жылдың 1 қаңтардан бастап Австралияны қоса алғанда ЭЫДҰ елдерінің азаматтары үшін 30 күндік мерзімге дейін визасыз режим енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр (қазіргі кезгі жағдай бойынша Австралияның азаматтары ҚР-да 15 күнге дейін визасыз бола алады).

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ

1.1 Саяси ынтымақтастық. Қазақстан мен Жаңа Зеландия арасындағы қарым-қатынастары тұрақты дамып келе жатыр, әсіресе саяси тұрғыда.    

Мемлекеттер арасында әр-түрлі деңгейдегі делегациялар алмасу жалғасуда. Олардың ішінде 2015 ж. сәуірде ҚР Президентінің Арнайы өкілі – ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Громовтың Веллингтон қ. сапарын айтып өткен жөн. Сапар барысында жаңазеландтық тарапқа ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясы жобасының көшірмесі табыс етілген.

Екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтуге Жаңа Зеландияның Қазақстандағы қоса атқарушы Елшісі Ян Хилдің (резиденциясы Мәскеу қ. орналасқан) тағайындалуы қосымша серпін беруі тиіс. Жаңа Елші Сенім грамоталарын 2016 ж. аяғына дейін еліміздің басшылығына тапсыруы көзделген. 

Сондай-ақ, мемлекеттердің халықаралық сахнадағы орнатылған жиі байланыстарына аса көңіл аудару қажет. Біздің мемлекет Жаңа Зеландиямен жаһандық проблемалар, соның ішінде ядролық қарусыздандыру, халықаралық лаңкестік, заңсыз қару-жарақ сату және климаттың өзгеруі сияқты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар бар. Ресми Веллингтон Қазақстанның жаһандық ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру жігеріне толықтай қолдау көрсетуде (Елші Е.Баударбек-Қожатаевтің Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрінің орынбасары Герард ванн Бохеманмен кездесуде айтылған).

Алайда, жаңазеландтық тарап мемлекеттің экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыса алмайтынын хабарлаған.

Анықтама: жақында өткен БҰҰ тұрақты емес мүшелікке сайлауда Жаңа Зеландия Таиландтың кандидатурасын қолдаған. Басты себептердің ішінде аймақтағы мемлекеттермен қарым-қатынастарына берілетін басымдылық, әсіресе АСЕАН елдерімен және бұдан бұрын ұқсас сайлауда Таиланд Жаңа Зеландияның кандидатурасын қолдауы.

1.2 Экономикалық ынтымақтастық. Мемлекеттердің сауда-экономикалық байланыстарының дамуына географиялық қашықтық факторы мен көлік-логистикалық компоненттері, сондай-ақ Жаңа Зеландия экономикасының көбінесе ауыл шаруашылық саласына бағытталғанын және әртараптандырылмағаны әсер етуде. Сонымен бірге, Жаңа Зеландияның негізгі сыртқы сауда үлесі Австралияға бағытталған және 2015 ж. 69 млрд. долл. құраған экспортының жалпы көлемінің 13 млрд. долл. Австралиямен орнатылған.

2016 ж. қаңтар-қыркүйек кезеңінде сауда айналымының көлемі 5,1 млн. долл. құрады (экспорт 42 тыс. долл., импорт 5,05 млн. долл.).

Анықтама: қазақстандық экспорттың бастысы машиналардың және механикалық құралдардың пышақтары және жүздерін физикалық және химиялық анализдерге қатысты приборлармен аппаратуралар және басқалары.

ЖЗ импорты кілегей майы, сүттен жасалған майлар, пасталар, тұқымдар мен жемістер, ірі қара малдық мұздатылған еттері, қара темір бұйымдары, жүзім шараптары және басқалары.

Екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарының ынталандырушы факторы ретінде Жаңа Зеландияның Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕЭО) еркін сауда туралы Келісіміне қол қойылуы болар еді.

Тараптардың кездесулерде білдірген белсеңділіктеріне сәйкес, аталған Келісімге 2014 ж. қол қою жоспарланған еді. Келіссөздер топтарының бағалауына сәйкес, тауар нарықтарына, санитарлық, фитосанитарлық және техникалық реттеуге, кедендік процедураларына және т.б. мәселелеріне қатысты ұстанымдарымыздың жақындасуы бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды.

Өкінішке орай, ЕЭО-ға қосылу туралы келіссөздердің үдерісіне геосаяси ахуал, оның ішінде Украинадағы жағдайлар әсер етуде. Солардың салдарынан Ресейге қарсы халықаралық санкциялық кампаниясына Жаңа Зеландияның қосылғанына байланысты, Қазақстанға ЕЭО-ның мүшесі ретінде тікелей әсер көрсетуде.

Сонымен бірге, жаңазеландтық дипломаттарымен өткізілген кездесулерде ЕЭО-ға қосылу келіссөздердің тоқтатылуы тараптардың ұстанымдарына ықпал етпейтіндігіне үміт білдіруде. Бұған қарамастан, Жаңа Зеландия бейтарапты ойыншы ретінде және Келісім арқылы өзінің нарық өтінімін кеңейтуге қызығушылық білдіруде.

Екі ал арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қытайлық «Бір белбеу - Бір жол» атты бастамасы, әсіресе, ЖЗ-ның қолжетімді тауарлары мен көлік-логистикалық инфрақұрылымы қосымша мүмкіндіктерді бере алады.

2015 ж. мамыр айында, ЖЗ Генерал-губернаторының өкімімен қазақстандық бизнесмен, «Астана групп» компаниясының президенті Нұрлан Смағұловтың ЖЗ-ның Қазақстандағы Құрметті консулы ретінде  ресми тағайындалды. Құрметті консулдар институты елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында сенімді әріптес болып табылады. Бұл тағайындалу елдерміздің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты ұлғайтуға жақсы серпін бере алатынына үміттемін.

Осы орайда, Жаңа Зеландияның Қазақстанмен қатым-қатынастарының ұлғаюын және осы ынтымақтастықты жаңазеландтық тарап одан әрі дамытуға қызығушылығының бар екендігін атап өтемін.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33