воскресенье, 12 мая 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

«Патриоттар уақыты»: түсірушілер тобы фильмнің тұсауы кесілетін күнді атады

Сәуірдің 28-і күні Қазақстанда атыс-шабыс жанрындағы «Патриоттар уақыты» фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл толық көлемде түсірілген батыл, тың ойлы әскери блокбастер алдағы уақытта ірі кино алаңдарына шығарылып, көрсетілмек. Редакция картина авторларына бірнеше сұрақ қойды.

«Патриоттар уақыты» фильмін түсіруге не түрткіболды?

–  Еліміздің Қарулы Күштері туралы заманауи көркемфильм түсіру идеясы маған сонау 2018-жылдың аяғы – 2019-жылдың аяғында келген еді.

 Осы кезге қарай аталмыш жүйеде шешімін күткен, кемінде, екі мәселе бары айқын көрінді: біріншісікөптегенқоғам мүшелері, тіпті, мемлекеттік құрылымдағылар дабейбіт бағыттағы Қазақстанға ешкім де, ештеңе де қауіптөндірмейді деген пікірде болды. Сырт басқыншылықтытойтаруға қойылған армия жақын-жуық арада ешкімменұрыспайды, ондай жағдай туындамайды, ендеше, онынығайтып, жаңартуға ақша шашудың түкке керегі жоқ дегеной айтылды, – деп түсіндіреді фильм идеясының авторыНұрлан Ермекбаев. – Екінші мәселе қарулы Күштергеқабілетті, ойлы, пайым-парасатты, жүйкесі мықты жүректіде білекті жас жігіттерді тарту қажеттігімен байланысты еді. Және, атап айтқанда, жедел әскери қызметке де, келісімшартбойынша қызметке де, болашақ офицерлер қатарына дасондай азаматтардың келгені игі.

  Өйткені, қазіргі армияның көптеген кемшіліктері адамифактордан келіп шығадыбұнда көп нәрсе адамиресурстардың сапасына байланысты. Бұл мәселені шешуүшін, әскери қызметтің тартымдылығын арттырып, жағымды жақтарын көбейту қажет. Материалдықмәселелердің дені ел басшылығының көмегімен шешіліпжатқаны, әрине, құба-құп, бірақ, оған қоса, әскериқызметтің беделін де көтеру әбден қажет.

– Фильмнің негізгі мақсаттары да осыдан келіп шығады. Біріншіден, бейбіт заманға қарамастан, тоқмейілсіп, жайбарақаттыққа салынуға болмайтынын, өйткені, тұтқиылдан түрлі қауіп төнуі ықтимал екенін көрсету. Мысалы, сондай қауіптердің кейбірін біз картинамызда көрсеттік те. Бұндай жағдай туындамайтынын кім кепіл бола алады? Екіншіден, Қазақстан әскерилерінің арасында өз ісі мен Отанына шын берілген, алуан бағыттағы білімді де білікті мамандардың көп екенін көрсету. Сондықтан, мен фильмде – әскери барлаудан бастап, әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандарына, әскери жүзгіштерге, арнайы операциялар мен, тіпті, қолданбалы қоян-қолтық ұрыс күштеріне дейін, – Қарулы Күштердің көпқырлы келбеті мен техникалық деңгейін көрсетуді ұсындым, - деп сөзін сабақтай түсті Ермекбаев.

– Біз ә дегеннен әлемдік блокбастерлер деңгейіндегі сапалы фильм түсіру міндетін қойдық алдымызға. Сол үшін әр түрлі қызметтерде істеген ардагерлерді кеңесшілікке тарттық. Картинада, сондай-ақ, әскери құрылымның ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да құрылымдармен өзара әрекеттестігі көрсетілді, – деп ой бөліседі идея авторы.

Қоюшы-режиссер – актерлармен жұмыс және жанрлық кино ерекшелігі жайында:

– Бұл - қазақстандық кинематографқа таңсық, өте-мөте жанрлық кино, сондықтан, әрине, бұнда атыс-шабыс жанрының заңдылықтарын қатаң ұстану керек болды. Кейіпкерлерге күрделі психологиялық сипаттар дарыту оңай шаруа емес, өйткені, жанрлық ерекшеліктер қаһарман архетипінің аясында қалуға мәжбүрлейді. Иә, актерлерге де өз кейіпкерлерін түсіну оңай тимеді. Әйткенмен, рольдерді орындаушылар құрамы көңілден шықты: Данияр Алшынов, Сануржан Сүлейменов, Асқар Ильясов және басқа да актерлер кейіпкерлер мінездерінің көпқырлылығын паш ете алды. Түсіру барысында актерлерге оның да қыр-сыры ашыла түсті, – деп баса атап көрсетеді фильм режиссері Серікбол Өтепбергенов.

«Патриоттар уақыты» фильмі несімен көрермендер есінде қалады? 

Актерлік ансамбльден бөлек, «Патриоттар уақыты» картинасының ерекшелігі техникалық түрғыдан жақсы көрінеді: мысалы, компьютерлік технологиялардың көмегімен түсірілген экшн-көріністер қызықты болып шыққан. Одан бөлек, атыс-шабыс жанрындағы фильм түстерді жаңғырту және суретті, көріністі неғұрлым анық көрсету мүмкіндігі аса жоғары Sony Venice кинокамерасына түсірілді. Мәселен, дәл осындай камералар алдағы уақытта көрсетілетін Том Круз қатысқан «Топ Ган: Мэверик» атты блокбастердің түсірілімінде пайдаланылған.

Әуе ұрыстары фильмнің басты эпизодтарының бірі болып табылады, ал, оларды қою, түсіру өте қиын. Әуе ұрыстарының хореографиясы, түптеп келгенде, бастан-аяқ абстракция болып табылады, ол тек екі актердің көмегімен және CGI-инженерлерінің қиялына сүйеніп жасалады:

– Суретшілермен бірлесіп, компьютерлік графика мамандары пилот кабинасына ұқсас аспалы арба жобасын жасады. Оның бүкіл элементтері 3D-принтерде басып шығарылды, содан соң қолмен боялды. Біз шынайы ұшақтың түсірілімін жүзеге асырдық: детальдарын, текстурасын жинап, бас-аяғын біріктірдік. Құрылымды даярлауға екі ай сарп етілді, содан соң біз павильонда жұмысқа кірістік, – дейді фильмнің бас продюсері Әкбар Құрманбаев.  

– Бұл бір ұмытылмас, қызықты түсірілімдер болды, – деп ойымен бөліседі картина режиссері. – Фильмде көрермен Қазақстанның көрікті жерлерін– Бозжыра шатқалын, Каспий теңізін, Іле Алатауының қарлы бөктерін тамашалайды. Бұдан бөлек, материалдың бір бөлігі шетелде: Түркияда, Әзірбайжанда түсірілді.

 «Патриоттар уақыты» фильмі кімге арналған?

– Джерри Брукхаймердің (келешекте көрсетілмек голливудтық «Топ Ган: Мэверик» блокбастерінің продюсері – ескертпесі) сөзімен айтар болсам, «Патриоттар уақыты» –қазақстандық авиацияның елге сүйіспендік сәлемі іспетті туынды деуге болады, бірақ, біздің картинамыздың аясы авиация ауқымынан әлдеқайда кең, өйткені, фильмге Қарулы Күштердің әр түрлі құрылымдары қатыстырылған, – дейді Әкбар Құрманбаев. 

– Әскерилер үнемі қару-жарақ пен техникамен жұмыс істейді және де, оны оқу-жаттығулар кезінде ғана пайдаланбайды. Олар күн сайын бастарын қатерге тігеді. Сондықтан, өкінішке орай, армияда әр түрлі жағдайлар болады. Бұл фильм қызмет бабындағы міндетін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлер мен хұқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің рухына бағыщталып, Қазақстан Қарулы Күштерінің 30-жылдығына арналады, – деп сөзін түйіндейді «Патриоттар уақыты» фильмі идеясының авторы Нұрлан Ермекбаев.




Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33