вторник, 10 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Мұсылман әлеміндегі жаңашылдық пен ескілік арасындағы тартыс

Кейбір Қазақ жастары арасында арабқа еліктесе, оларша сақал қойып киінсе, бетті бүркемелесе, қазақтың сөзін арабша баламаға алмастырса бітті - таза мұсылман боласың деген тұрпайы пікір етек жайған. Есесіне арабтардың өздері либералды әрі зайырлы қоғам құруға ұмтылып, ескіліктің ықпалынан шығуға ден қойған. Бұл Мұсылман әлеміндегі модернизация мен консерватизм арасындағы қарама-қайшылықтың бір көрінісі ғана. Ал енді бұның алғышарттары неде?

ХХ ғасырдың басында Ислам салтанат құрған өркениеттің барлығы дерлік тоқырауға ұшырап ақыры ғылыми-техникалық тұрғыдан алға сурылып шыққан еуропалық елдердің отарына айналды. Өткен жүз жылдықтың орта шенінен мұсылман елдері формалды тәуелсіздікке қол жеткізсе де, іс жүзінде сырт күштердің ықпалында қалды. АҚШ пен Еуропаның мұсылман елдерін экономикалық тұрғыдан тонау, ішкі істеріне араласу, күштік қысым көрсету секілді бұның сорақы тұстары жергілікті азаматтардың ашу-ызасын туғызды. Ал енді аталған ашу-ызаның нақты идеологиясы ретінде Исламды саясиландыру бірінші орынға шықты. Араб қоғамдарында Мұсылман-бауырлар, Хизбут-Тахрир, Хамас сынды радикалды діни партиялардың етек жаюы, Ирандағы билік басына шииттік аятолллалардың келуі, Батыс пен Шығыстың теке-тіресіне жиі өркениетаралық мән берілуі – осы да басқа мысалдар айтылғанға дәлел іспеттес.

Бірақ діни тұрғыдан бір өркениетке жатса да мұсылман елдерінің өз ішіндегі алауыздық ғасырлар бойында сақталып, бүгінде әсіресе өршіп тұр. Бұл тиісті аймақтарды іштей әлсіретіп, сыртқы күштердің ең алдымен Батыстың олардың істеріне араласуына сылтау тудырып отыр. Аталғандай жағдайларды тек соң уақытта біз Кувейт дағдарысы, Ирақты басып алу, Либия мен Сирияның жерінде әскери әрекеттерге бару секілді оқиғалардан анық көрдік. Өз кезегінде жергілікті мұсылман қауымы үшін бұл Батысқа деген өшпенділікті қоздырып, бұның арты АҚШ пен Еуропа биліктеріне, компанияларына, тіпті қатардағы азаматтарына қарсы шабуылдарға ұласып отыр. Өзара ымырасыздықты жауапсыз саясаткерлер мен ақпараттық құралдар одан әрі үдетуде.       

Мұсылман елдерінің өзара ынтымақтастығына келер болсақ, оның деңгейі жылдан жылға төмендеп келе жатқанын өкінішпен мойындауға тура келеді. Осындан 30-40 жыл бұрын Ислам үмбетін біріктірген Ауғаныстанда КСРО агрессиясына қарсы тұру, Араб-Израиль текетіресінде араб елдерінің намысын қорғау сияқты факторлар болса, қазіргі таңда оның өзі әлеуетін біршама жоғалтқан. Араб елдірінің бірінен кейін бірі Израильды мойындап онымен саяси, экономикалық, іскерлік байланыстар орнатып жатқаны осындай үрдісті көрсетіп отыр. Керісінше Сауд Арабиясы мұрындық болған Суннит әлемі мен шииттік Иранның тартысы, Сирия, Йемен, Либия түйткілдері айналасындағы мұсылман елдерінің ортақ мәміліге келе алмауы, өзара санкциялар мен сес көрсету секілді жәйттер кеңінен етек жайған.  Аталған келеңсіздіктерге қоса мұсылман елдеріндегі қарқынды демографиялық өсім, экономикалық құлдырау, жұмыссыздық пен кедейлік, жемқорлық пен бюрократия сынды факторлар тәукелдерді арттырып жатыр.      

Осындай сыртқы және ішкі саяси ахуал ушыққан қысылтаяң шақта Ислам әлемінде модернизация процесі өтуде. Тиісті үрдістер әртүрлі векторлар бойынша дамып олардың ішінде Ислам дініне, діннің саясатқа әсеріне қатысты өзгеру үстіндегі көзқарастар ерекше мәнге ие. Әзірше Христиан әлемінен ерекшелігі - мұсылмандардың діни түсініктері ортағасырлық ұстанымдар құрсауынан шыға алмай отыр. Сондағысы Исламның алғаш ғасырларында Халифат ғылым мен білімде, мәдениет пен технологияларда қол жеткізген жетістіктері оған тән іздемпаздықтың (Ижтихад) арқасы болғандығы ұмытылды. Жүре-бара әсіресе ХVІІІ ғасырдан бері Ислам сырт күштердің ықпалынан құтылудың идеологиясына айналғанда оны еш өзгеріс пен заман талабына сай икемделуге келмейтін, тек ескілікті аңсап сақтап қалудың амалы ретінде ұғыну алдыңғы орынға шықты. Ал енді ХХ ғасырда осындай тұрпайы түсініктің нәтижесінде кезінде алға басып өрлеуге түрткі болған Ислам тағылымы керісінше дамудың тұсауына айналды. Бүгінде көптеген мұсылман саясаткерлері мен ойшылдары аталған олқылықты әшкерелеп, Ислам дінін реформалау қажеттігін ұсынуда. Алайда олардың пікірі негізінен еленбей ескі сарын басымдыққа ие. Тіпті модернизация мен вестернизация қарқынды жүріп бірақ діни дәстүрлер реформаланбаса, қоғамның артқа шегінуі ықтимал. Бұндай сценарийлерді кезінде кәдімгідей батыстық өмір салтына аяқ басқан Иранның қатқыл теократиялық режимге айналғанынан иә Ататүрк құрған зайырлы мемлекеттен бүгінгі Түркияның ескішіл діни тәртіпке оралып жатқанынан анық байқауға болады.

Өз кезегінде діни риториканы сол Иран мен Түркияның, не болмаса жекелеген басқа мұсылман елдерінің басшылары тек ішкі саясатта ғана емес, аймақтық және халықаралық деңгейде ықпалын арттырудың құралы ретінде пайдаланып қалуға ынталы. Иранның көрші жатқан елдерде шиит диаспорларын айдап салу, Түркияның неоосманизм доктринасын жандандыру, Сауд Арабисының салафи бағыттағы діни ұстанымын басқаларға тарату сынды әрекеттері айтылғанды растаса керек. Бұның нәтижесінде Мұсылман әлемінде бір-біріне бәсекелес иделогияларды алға тартқан коалициялалар бой көтеріп келеді. Аталған бағытта қосымша ұпай жинау мақсатында діни ынтымақтастықпен қатар ұлттық және мәдени бауырластық сезіміне де жүгіну қатар келеді. Мәселен, Түркия президенті Таиб Реджеп Ердоған Араб әлемінде негізінен Ислам құндылықтарын ұран етсе, Қауқаз бен Орталық Азия елдеріне қатысты басымдықты Түркі халықтарының бірлігіне беруге әуез. Ал енді таяуда ғана Таулы Қарабақ үшін соғыстың нәтижесінде “Екі мемлекет бір ұлт” қағидатын жалау етіп Түркияның соңғы екі жүз жылда тұңғыш рет Оңтүстік Қауқазда өзінің әскери базасын құрғаны келтірілген доктринанының аймақтық һәм халықаралық геосаясатқа, оның ішінде Қазақстанға тікелей әсер етуші факторларға айналғанын көрсетіп отыр.             

Мұсылман елдерінің басы бірікпеуінің ендігі себебі –  Христиан өркениетінен өзгеше бұнда жалпыға ортақ көшбасшының жоқтығында. Дін саласында Батыстағыдай Рим папасы немесе православ епископтары сынды көпшілік мойындаған орталық иә болмаса саяси-экономикалық тұрғыдан АҚШ сияқты басқалар санасатын гегемон Ислам әлемінде жоқ. Рас, аумағында Исламның басты қаситетті қалалары Мекке мен Мәдина орналасқан бай Сауд Арабиясы бар. Бірақ халқының саны бойынша ең үлкен Индонезия, экономикасы өрлеген Малайзия, дәмесі зор Түркия, мәдени ықпалы басым Мысыр,  Батыстың алдында бас имеген Иран, тіпті кішкентай болса да өзіндік ұстанымымен ерекшеленетін Қатар өздерін басқадан кем санамайды.   

2019 жылы Куала-Лумпурда өткен мұсылман елдерінің саммитіне көпшілік саудиялық өкілдердің келмегеніне назар аударды. Алқалы жиында үстемдік құрған малайзиялық Махатхир Мухаммад пен түркиялық Таиб Реджеп Ердоған Сауд Арабиясын ортақ мүддені қорғау ісінде әлсіздік танытқаны үшін сынға алды. Сондай-ақ Сауд Арабиясы бастаған Ислам ынтымақтастық ұйымы бюрократияға ұрынғаны әшкереленді. Саммиттің басқа қонағы Иран президенті Хасан Рухани мүлде саудтарды АҚШ-пен ауызжаласты деп айыпқа салды. Мұсылман әлемін біріктіру орнына жік-жікке бөлген осындай мысалдар жетіп артылады. Аталған елдерінің ғаламдық саясаттағы мүдделерінің тоғыспауы, ірі ықпал иелері болып табылатын Америка, Еуропа, Ресей, Қытайға әрқилы, кейде қарама-қайшы көзқарастары аталған алауздықты одан әрі тереңдетуде.  

Өткен жылы Arab Youth Survey әлеуметтік зерттеулер орталығы Таяу Шығыс елдеріндегі жастардың арасында сауалнама жүргізген болатын. Оның нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 66 пайызы діни институттар реформалануы қажет, 67 пайызы діннің саясат пен қоғам өміріне әсері төмендеу керек деген пікірде екені белгілі болды. Сондай-ақ жастардың 70 пайызы “Демократия мен дін бір-бірімен үйлесе ала ма?” деген сұраққа “Жоқ” деп жауап бере келе осы екеуінің арасында демократияны қалайтынын білдірді. Келтірілген деректер мұсылман әлемінің жас буынында модернизацияға деген сұраныс күшеюде екенін және дағдарыстан шығудың амалдары ішінде дін бұрынғыдай бірінші кезекте деген ұстаным едәуір әлсіреп келе жатқанын байқатады. Есесіне жахандану дәуірінің жемістері болып табылатын демократия, либерализация, зайырлылыққа деген ұмтылыс нығаюда. Осындай лепті жергілікті басшылар да сезіп отыр.  

Бұдан бөлек, әсіресе “Араб көктемі” оқиғаларынан соң араб елдерінің саясаткерлері радикалды исламизмнің өздерінің бтлігіне қаншалықты қауіпті екенін, тек діни тәртіптерге қарап қалып, қоғамның әсіресе жастардың ілім-білімін шектеу түбі жақсылыққа әкелмейтнін түсінді. 2015 жылы «Ислам мемлекеті» террористік қозғалысы ұлттық мемлекеттердің арасындағы шекараларды жойып Халифатты құрамыз деп жатқанда Мысыр басшысы Абдел Фаттах Ас-Сиси суннит Исламының ауқатты орталығы саналатын Әл-Азхарға зиярат етіп былай деді: “Біз дін саласындағы революцияға мұқтажбыз. Біздің міндет - кертартпа жихадшылыққа қарсы тұрып Исламды заман талабына сай реформалау”. Ал енді дәл сол мезетте Сауд Арабиясының тақ мұрагері шахзада Мухаммад бен Салман елдегі діни полицияны таратып, қоғамдық өмірді либерализациялауда батыл қайта құруларды бастап кетті. Қабылданған шаралар ішінде бұрын қатал тыйым салынған кинотеатрлар мен концерттік алаңдарды ашуға, спорт сайыстарын жүргізуге, әйел адамдардың көлік айдауына, көшеде еркектің сүйемелдеуінсіз емін-еркін жүріп-тұруына рұқсат етілді. Біріккен Араб Әмірліктері одан асып, өз аумағында алкголды ішімдіктерді тұтынуды заңдастырды.    

Сөз болып отырған діни талаптарды жұмсарту, олардың саясат пен қоғамдық өмірге араласуын тежеу әрекеттері Исламды жоққа шығармаса да балама идеология енгізу қажеттігі туындатты. Оның бір тұсы күшею үстіндегі жахандану мен модернизация үдерістерімен айшықталса, екінші тұсы дәстүрлер сабақтастығын сақтау мақсатында ұлтшылыдық-патриоттық сана-сезімге басымдық берумен ерекшеленуде. Атап көрсеткенде соңғы 10-15 жылда осындай бағыт-бағдар мұсылман-араб елдерінің көпшілігінде ауқымды түрде іске асуда. Басқаша айтқанда ғасырлар бойында жергілікті қоғамдарды біріктіруші бірден-бір күш – Ислам болса, қазірде оның монополиясын басқа құндылықтар ығыстыруда. Тиісінше өзін-өзі идентификациялау тұрғысынан 1960-70 жылдары араб елдерінде “Біз ең алдымен мұсылманбыз, содан соң арабпыз, содан кейін ғана мысырлықпыз, саудиялықпыз, марокколықпыз” деген түсінік салтанат құрса, бүгінде онысы 180 градусқа айналып “Біз ең алдымен мысырлықпыз, саудиялықпыз, марокколықпыз, сосын барып арабпыз, содан соң ғана мұсылманбыз” деген ұғым басымдыққа ие болуда. Аталған өзгірестерді қарапайым жұрттың менталды деңгейінен үлкен саясаттағы шешімдерде аңғаруға болады. Мәселен бұрындары Палестинаны азат етуді мұсылман үмбеті ең өзекті міндетінің бірі санаса, қазір палестиналықтар өз алдына, біз өз алдымызға деген пікір үстемдік құрған.

Белгілі дәрежеде ұқсас құбылыстар өзіміздің Орталық Азияда байқалады. 1990 жылдардың аяқ шені – 2000 жылдардың басындағы ұлттар пен мемлекетаралық шекараларды талғамайтын жихадшылардың уағызына қарамастан ұлтшылдық дүниетаным, оның ішінде діннің өзіне деген сырттан келген емес дәстүрлі ұғымдар жетекші орынға иелегін сақтап қалды. Бұның өзі елдің бірлігі мен тұтастығын сақтап қалу болсын, мемлекеттің әлеуетін бұлыңғыр алыпшылдық жобаларға сарп етпей, өз мүддесін қорғауды көздеген прагматизмнің жағымды көрінісі. 

Қазіргі таңда мұсылман әлемінің құрамдас бөліктері болып табылатын Араб, Түркі, Парсы, басқа да қауымдастықтарда модернизация үрдістері түрліше жүруде. “Араб көктемі”, Пандемия, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, радикалды исламизмнің қаупі, мемлекетаралық шиеленістер – осы да басқа тәуекелдер аталған реформалардың байыпты іске асуына зор кедергі келтіруде. Кейбір жағдайларда орталық биліктің қауқарсыздығынан саясат пен экономикада артқа шегінушілік, тіпті тұтастай мемлекеттердің ойран болған жағдайлары ұшырасып жатады. Модернизацияның жалпыға бірдей бағдарламасы да мүлде байқалмайды. Жекелеген саясаткерлер мен ойшылдардың ортақ іс-шараларға көшу жайындағы үндеулері көбіне қолдау таппауда. Қайта уақыт өткен сайын карикатуралық жанжал секілді арандатулар радикалды діни ұстанымдарға жан бітіруде. Десе де, келтірілген факторларға қарамастан, Ислам әлемінде жахандану ағымына ілесу һәм модернизациялану үрдістері жалғасуда. Бұл – өмір талабы. Мәселе осындай тектоникалық өзгерістердің болжауға келмейтін, драматикалық қиындықтарға толы жолмен жүріп отырғанында. Олай болса, ұлттық болмысын сақтап заман ағымына ілесу жолында Қазақ мемлекеті мұсылман елдерінің тәжірибесін мұқият ескеру қажет және оның жағымсыз тұстарын болдырмай керісінше сәтті шыққан үлгілерді өз игілігіне қарай жарату керек.

Әлбетте жаңару діни ұстанымдардан қол үзуді білдірмейді, қайта оны уақыт талабына сай жаңғырту мен икемдеуге келіп саяды. Айналып келгенде сенім-наным атаулы ескілікті көз жұма қайталау ғана емес, қайта алдыңғы буындардың рухани ғибратын заман талабына сай қорытып кәдеге жарата білуді алға тартады. Керек десеңіз осындай бірегей қабілетіне бола дін ғасырлар бойындағы өміршеңдігін сақтап, өрісін кеңейтумен келді емес пе. Демек, өркениеттің бірізді дамуын тоқыратуға әуез, бүгін мен ертеңді өткенге ғана бағынышты етпек күштер кәдімгі өмір философиясына қарсы шығып отырғаны айтпаса да түсінікті. Ал енді діннің жасампаз әлеуетіне жүгінгеннен көрі оның атын жамылған қауіпті идеологияның етек жаюы, әлбетте, жекелеген мемлекеттің әлсіздігін білдіреді. Әсіресе аталған жағдай материалдық құндылықтарды бірінші орынға шығарып, руханиятқа немқұрайлық танытқан, тарихы мен ұлттық болмысынан қол үзген, өз жолымен жүрмей өзгеге еліктеуіш келетін елдерге тән құбылыс. Және керісінше өзіне сенімді де жауапкершілігін ұғынып төл болмысын сақтаған қоғам дер кезінде әрекеттеніп зор пәленің алдын алуға қауқары жетеді. Сайып келгенде Абай, Шәкәрім, Мағжан, Мәшһүр Жүсіпті оқып-біліп, ішкі жан-дүниесі мығым ұрпақ келімсек ағымдардың арбауына түспесі анық.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33