четверг, 25 апреля 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Туыстарымның бірі заң бұзса, жауапкершілікке тартылу керек – Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа сұхбат беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын одан әрі қолдауға дайын екенін айтты.

– 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы - қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген. Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені, бәріңіз сияқты болып жатқан жағдайдың бәрі мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады, - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Назарбаев Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігін тапсырғанын және бұл жолы да қолдайтынын жеткізді.

– 2019 жылы саналы қадам жасап, көпшіліктің қарсылығына қарамастан, Мемлекет басшысы қызметінен кеттім. Халықтың қолдауымен кеттім. Мұны 2015 жылғы соңғы президенттік сайлау дәлелдейді, ол кезде мен 97,7 пайыз дауыс алдым. Менде белгілі бір өкілеттіктер қалды, бірақ бұл тегіс саяси транзит үшін және қоғам мен билік элитасында болуы мүмкін қайшылықтарды жеңілдету үшін жасалды.

Конституцияға сәйкес президент ретіндегі өкілеттілігімді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсырдым. Кейінгі жалпыхалықтық сайлауда ол жеңіске жетті. Осы жылдар ішінде мен оның еліміздің реформалануы мен одан әрі дамуы жөніндегі іс-әрекеттерін жан-жақты қолдадым. Бұл жолы да қолдау көрсететініме күмәнданбасаңыздар болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сұхбат барысында тұңғыш президент заң бәріне ортақ екенін айтып, Рахат Әлиевпен болған оқиғаны еске салды.

Егер менің туыстарымның бірі менің атымды заңды бұзу үшін пайдаланса, онда олар тиісті жауапкершілікке тартылуы керек. Кінә сотта дәлелденуі керек. Әрбір азаматтың заңды қорғауға құқығы бар екенін ұмытпауымыз керек. Рахат Әлиевпен болған оқиға бәрінің есінде деп ойлаймын. Ол менің қызымның күйеуі еді. Менің ұлым сияқты болды, немерелерімнің әкесі болды. Бірақ мұның бәрі мемлекеттің оның заңсыз әрекеттеріне көз жұмуына негіз болған жоқ. Ол қазақстандық сот төрелігімен сотталды. Бірақ ол өмір бойы жасырынып жүрді. Мен ел басқарған жылдары біздің халқымыз үлкен жұмыс атқарды. Кейбіреулер мұны ұмытып кетеді. Халықтың дана екеніне және бәрін есте сақтайтынына сенімдімін, - деді ол.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33