понедельник, 20 мая 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Жаңа Қазақстан және ескі сыртқы саясат

Кез-келген сыртқы саясат сол елдегі ішкі саясаттың жалғасы болып табылады деген тұжырым баршаға аян. Өз кезегінде халықаралық ықпалдастық пен одақтастық жекелеген мемлекеттің тыныс-тіршілігіне, келешегіне тікелей әсер етеді. Ендеше жаңа кезеңге аяқ басқалы отырған Қазақ елінің дипломатиясы қандай болуы керек? Оның ішінде әсіресе соңғы кезде ресми мәлімдемелерде ресейшіл сарынның қайтадан күшейе бастағаны ұлттық мүддемен қаншалықты жанасады?

Бүгінгі путиндік Ресей әлемдегі барша жемқорлыққа батқан, азаматтарының еркін шектеп отанынан безуге мәжбүрлеген авторитарлық режимдердің серкесіне айналғаны жасырын емес. Халқы әлгіндей өмір-бақилық басшыларына қарсы көтеріліске шықса оларды лезде әскерін жіберіп басып-жаншитын жандарм да Ресей. Айтылғанға көз жеткізу үшін Мәскеудің ең сенімді деген одақстарына назар салса жеткілікті: Беларусь, Иран, Венесуэла, Сирия, Солтүстік Корея т.б. Ал енді аталмыш күмәнді және абырой әкелмес тізімде Қазақстанның табылуы нені білдіреді? Өркениетті әлемнің бізге деген көзқарасы қандай болмақ? Досың кім екенін айт, сонда өзіңнің кім екенің белгілі болады деген сөз тегін емес.

Ресейден сескеніп оған ұпайымызды бірінен соң бірін жығып бергендік Қазақ қоғамында да наразылық тудыруда. Және бұндай бағыт-бағдар жалғасын тапса билікке деген сенімнің артуы неғайбыл.

Рас, Ресей Құдай берген көршіміз, онымен мүмкіндігінше сыйласып өмір сүрген жөн сынды пікір әбден орынды. Жалғыз ғана алғышарт орындалған жағдайда - егер аталмыш сыйластық бір жақты емес, тең дәрежеде сақталса. Өкінішке орай, қазіргі қолда барымыз аталған талапқа сай келмейді. Қайта әлдеқашан өлген совет империясындағы Ресей - басшы, қалғандары - қосшы деген инерция әлі де үстемдік етуде. Бұған әлдебір дәлел келтірудің өзі артық. Сондағысы Кремльдің көрші елдерге менменшіл көзқарасы да айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бұны Украина, Грузия, Молдова, басқаларға сес көрсетуінен иә болмаса олардың дербес тарихы мен елдігін жоққа шығаруынан байқауға болады.

Уақыт өткен сайын сотүстік көршінің саясаткерлері Қазақстанға тиісе беруі аталған имперлік ұстанымның еш қайда кетпегенінін, қайта Путин дәуірінде күшейе түскенін айғақтайды. Тіпті соңғы қаңтар оқиғалары барысында ресейлік ресми өкілдердің Қазақ президентінің атын айтқандағы жаңылуы иә Қазақтың Байқоңырына Қазақтың министрі келмей-ақ қойсын дегені құр ағаттық емес, шынайы көзқарасы. Іс осымен шектелсе бір жөн. Алайда Мәскеу жетекшілік еткен авторитарлық режимдер тобында қала беру Қазақстандағы демократияның дамуына да балта шабады. Өйткені авторитаризм маңайында халықтық биліктің орнауын жек көруі өз алдына, оны өз әлеуметін арандатады деп қауіп көреді. Айналып келгенде жеке Путиннің Украинаға шексіз ашынуы, оның еркін тұншықтыруға барын салуы осыдан.

Диктаторлық ортада адал әріптестікке немесе ұзақ мерзімді құндылықтарға негізделген ынтымақстатыққа да жол жоқ. Керісінше бірі әлсіресе екіншісі жұтып жеуді көздеген ойын ережелері орнаған. Кезінде Гитлер мен Сталиннің жауласпау жайлы келісім-шарты сықылды. Көршімен оның тілін табу емес, тек өз дегеніне күштеп бағындыруды көздеген саясаттың ендігі қауіпті тұсы екі империяның өзара келісіп барып арадағы әлсіз көршіні талқандап бөліске салу. Сол Совет Одағы мен фашистік Германия Польшаны екі жақтан талағаны сияқты. Қысқасы, ондай одақтасқа үміт артудан бұрын, оны қараусыз қалдырғанның өзі қауіпті.

Олай болса тығырықтан қалайша шығамыз деген сұрақ туындайды. Оның екі-ақ қана белгілі жолы бар. Біріншіден, мәселе елдің өзі іштей мығым, халқы мен билігі тату, экономикасы бәсекеге қабілетті және қоғам бақылауында болуы, ал азаматтары ортақ арман-тілектерді дәріптегені қажет. Ондай ұлтпен араздасудан кімде-кім тартынары анық. Және керісінше, мемлекет іштей жік-жікке бөлініп, ел арып-ашып, әркім бас-басына би болғанда бұл сырттан басқыншылықты шақырғанмен бірдей. Әлгі Грузия немесе Украинаға қарсы соғыс дәл жаңағыдай ішкі дағдарыс шыңырау шегіне жеткенде басталғаны осы заңдылықтың көрінісі.

Екіншіден, алдыңғы тармақпен сабақтасып жатқан сыртқы саясат мәселесі. Себебі демократиялық қоғам қалыптастыру, заманауи экономикалық жүйе қүру, әлеуметтің өмір сапасын арттыру секілді басымдықтар көп ретте ішкі құлшыныспен қатар қоршаған ортаға байланысты. Белгілі дәрежеде дарыны ерекше жастардың жаман ықпалға түсіп болашағын құрбан еткені сияқты.

Жақсымен дос болсаң бағың жанады деген осындай өмірлік қағидат халықаралық қатынастарда да кеңінен таралған. Ал енді біз кіммен жақындасуымыз керек дегенде алдыңғы ретте бауырлас та тағдырлас Түркі өркениетін атауға болар. Өйткені бұндағы саясатқа жалаң есеп немесе қара бастың қамы үшін айласын асырып қалудан гөрі, ғасырлар бойы талай сыннан өткен ағайындық пен адалдық тән.

Сондай-ақ Қазаққа демократиялық қауымдастықпен ықпалдастықтың берері мол. Мәселе тіпті олардың тікелей көмегінде иә жау жағадан алғанда арашалап қалуында емес. Мәселе жарқын болашаққа жетудегі ұтымды әрі сенімді тәжірибенің игеріліп іске асуында.

Тілге тиек болу үшін 1950-жылдары сырт күштердің тепкінімен екіге бөлінген Кореяны мысалға алайық. Мәскеу жетегінде кеткен Солтүстік Корея "үлкен ағасынша" социализм құруға көшті. Содан бергі қуғын-сүргін, ашаршылық, өмірдің барлық саласын шектеу мен күн көсемге табынуды бастан кешірген елдің тағдыры аянышты. Ал енді АҚШ-қа арқа сүйеп демократия құра тұрып дербестігін сақтап қалған Оңтүстік Корея бүгінгі таңда ең дамыған елдердің қатарынан шықты. Екі арадағы айырмашылық жер мен көктей: Айналдарған жетпіс жылда Солтүстік Кореяда халықтың саны 20 миллионнан 25 миллионға әзер жетті (салыстырма үшін: Оңтүстік Кореяда 20-дан 50 миллионға өсті), экономика көлемі 50 миллирд доллар (Оңтүстікте 1,5 триллион немесе 30 есе көп), азаматтардың орташа өмір ұзақтығы 72 (80) жас. Тіпті сапалы тамақ мен дәрумен жетіспеуінен, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің артта қалғанынан Солтүстік Кореядағы жастардың бойы оңтүстіктегі замандастарынан 10 сантиметрге аласа.

Келтірілген ойлар Ресей иә Қытаймен байланыстарды шектеу қажеттігін меңземейді. Мәселе тек оларды тең және өзара тиімді қалыпқа келтіруде. Әрине, өзін жетекші рөлде сезініп қалған алып көршілердің санасын өзгерту оңай емес. Бірақ осылай болды және амал жоқ алда да қала береді деген ұстаным қате. Саясат мүмкіндіктер алаңы және бұнда әпсәтте жоқтан ешнәрсе бар бола салмайды. Ол үшін күш-жігер, ақылды саясат, өз күшіңе деген сенім керек. Әу бастағы әл-ауқаты шектеулі бола тұра әлгіндей міндетке лайық бола білген және барын сақтап алға басқан Финляндия, Израиль, Моңғолия осы айтылғанға дәлел. Кеш те болса Қазақстан да заман ағымына бой ұсынбай өзіндік жолын таңдау керек. Айналып келгенде алдына тек зор мақсаттарды қойған ұлттар ғана жеңіске жетеді.

Оставить комментарий

Политика

Пять причин отставки Нурлана Нигматулина Пять причин отставки Нурлана Нигматулина
Редакция Exclusive
Многовекторность Казахстана особенно важна после января 2022 Многовекторность Казахстана особенно важна после января 2022
Редакция Exclusive
Джордж Сорос в замешательстве: в 2022-ом решится многое Джордж Сорос в замешательстве: в 2022-ом решится многое
Редакция Exclusive
Чем может грозить Казахстану военный конфликт России и Украины? Чем может грозить Казахстану военный конфликт России и Украины?
Расул Жұмалы
В стране официально появился ответственный за идеологию В стране официально появился ответственный за идеологию
Редакция Exclusive
Как изменит Россию новый виток эскалации Как изменит Россию новый виток эскалации
Редакция Exclusive
Мнимые и реальные гарантии безопасности. Мнимые и реальные гарантии безопасности.
Расул Жұмалы
Итоги съезда Nur Otan: ожидания и реальность Итоги съезда Nur Otan: ожидания и реальность
Расул Жұмалы
Трейлер: ЯДЕРНЫЕ МИЛЛИАРДЫ Трейлер: ЯДЕРНЫЕ МИЛЛИАРДЫ
Редакция Exclusive
Альнур Ильяшев: «Токаев доказал, что умеет принимать оперативные решения» Альнур Ильяшев: «Токаев доказал, что умеет принимать оперативные решения»
Редакция Exclusive
Чем Казахстан заплатит России за поддержку Чем Казахстан заплатит России за поддержку
Редакция Exclusive
Олимпийские войны России и «поддавки» Запада Олимпийские войны России и «поддавки» Запада
Редакция Exclusive
Венский гамбит Ирана Венский гамбит Ирана
Редакция Exclusive
Токаев: «выключить» дипломата, «включить» президента Токаев: «выключить» дипломата, «включить» президента
Редакция Exclusive
За кулисами саммита Центральная Азия – Китай: «Большая игра - Эпизод III» За кулисами саммита Центральная Азия – Китай: «Большая игра - Эпизод III»
Расул Жұмалы
Чем дольше не меняется власть, тем сильнее потрясения при её смене Чем дольше не меняется власть, тем сильнее потрясения при её смене
Редакция Exclusive
Чем владеют племянники Елбасы Чем владеют племянники Елбасы
Рената Лачина
Будут ли европейские санкции в отношении Казахстана? Будут ли европейские санкции в отношении Казахстана?
Редакция Exclusive
Индульгенция Токаева: отнять наворованное или перестать воровать? Индульгенция Токаева: отнять наворованное или перестать воровать?
Карлыгаш Еженова
Эксперты не рекомендуют Токаеву связывать свое имя с «Nur Otan» Эксперты не рекомендуют Токаеву связывать свое имя с «Nur Otan»
Редакция Exclusive
Кто и как будет строить Новый Казахстан? Кто и как будет строить Новый Казахстан?
Расул Жұмалы
Жаңа Қазақстанды кім және қалай құрады? Жаңа Қазақстанды кім және қалай құрады?
Расул Жұмалы
Когда терпеливые казахи выходят на улицы – это плохая примета для авторитаризма Когда терпеливые казахи выходят на улицы – это плохая примета для авторитаризма
Мерей Сугирбаева
У института президентства сложилась негативная карма У института президентства сложилась негативная карма
Редакция Exclusive
Что на самом деле хотел сказать Нурсултан Назарбаев? Что на самом деле хотел сказать Нурсултан Назарбаев?
Расул Жұмалы
Неопределенное будущее. Выбор должен сделать народ Казахстана Неопределенное будущее. Выбор должен сделать народ Казахстана
Кевин Уайт
Почему «Дети» Назарбаева вышли на площадь Почему «Дети» Назарбаева вышли на площадь
Мерей Сугирбаева
Наследие Нурсултана Назарбаева Наследие Нурсултана Назарбаева
Расул Жұмалы
Олжас Худайбергенов: «Возможность экономических реформ в существующей политической системе исчерпана» Олжас Худайбергенов: «Возможность экономических реформ в существующей политической системе исчерпана»
Редакция Exclusive
Назарбаев и борьба за власть за будущее Казахстана Назарбаев и борьба за власть за будущее Казахстана
Редакция Exclusive
Каким станет режим в Казахстане после кризиса Каким станет режим в Казахстане после кризиса
Редакция Exclusive
Альнур Мусаев: «Токаев зря боялся: разрушить Акорду фактически невозможно» Альнур Мусаев: «Токаев зря боялся: разрушить Акорду фактически невозможно»
Редакция Exclusive
Массовая политическая культура сталинизма как доминанта сегодняшнего дня Массовая политическая культура сталинизма как доминанта сегодняшнего дня
Редакция Exclusive
О причинах и последствиях кризиса в Казахстане О причинах и последствиях кризиса в Казахстане
Редакция Exclusive
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33