воскресенье, 23 июня 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

ТШО-мен серіктестік шабыт көзіне айналды

Қазақстандық компаниялар үшін ТШО-мен ынтымақтастық жай ғана ірі жобалар емес. Бұл шығармашылық шешімдер іздеу барысындағы алғашқы қадам, жаңа өнімдер шығаруға деген шабыт және тіпті ғылымға қосар үлес.

2000 жылдардың басында «Теңізшевройл» ЖШС цифрлық байланысқа алғашқылардың бірі болып көшті. «TEGRA Kazakhstan» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Безуховтың айтуынша, бұл мүлдем жаңа деңгейдегі қызықты жоба болды.

– «TEGRA Kazakhstan» ЖШС мен «Теңізшевройл» ЖШС арасындағы ынтымақтастық тарихы 2000-шы жылдардың басынан басталады. Бұл біздің тұтынушымыздың әлі де аналогтық радиобайланыс жүйесін пайдаланып жүрген өтпелі кезең болатын. Өз қызметін алдағы онжылдықтарға жоспарлай отырып, ТШО аналогтық жүйе қажетті деңгейде қызмет көрсете алмайтынын және жаңа цифрлық радиобайланыс қажет екенін түсінді.

Біздің компания мен ТШО арасындағы кең ауқымды ынтымақтастық осы TETRA стандартындағы цифрлық радиобайланыс жобасының енгізілуімен басталды. Ол кезде «TEGRA Kazakhstan» ЖШС жабдықты жеткізуші ретінде де, радиобайланыс, кіріп-шығуды бақылау және бейнебақылау саласындағы жаңа жүйелерді монтаждау, іске қосу және жөндеу бойынша қызметтерді ұсынатын компания ретінде де ТШО-мен белгілі бір уақыт ынтымақтастықта болған еді.

Бірақ кен орны аумағында радиобайланыстың жаңа жүйесіне көшу - мүлде басқа деңгейдегі жұмыс ауқымы.

Жоба ауқымын түсіну үшін, «Теңізшевройл» алып жатқан аумақ ауданының 2500 шаршы шақырымды жатқанынайтқан жөн. Ол кезде ондаған нысандарда – кен орындарында, әкімшілік ғимараттарда, қоймаларда, зауыттарда, көлікте шамамен 3,5 мың адам жұмыс істеді. Ал жаңа зауыттар салынса, жұмысшылар саны еселеп артуы мүмкін екені белгілі болды.

Қазіргі таңда радиобайланыс жүйесі барлық ТШО қызметтері мен бөлімшелерін және жұмысқа тартылған бизнес серіктестерді үздіксіз байланыспен қамтамасыз етуде.

Теңіздегі қауіпсіздік техникасы талаптары туралы арнайы айтып кеткен жөн.

Мұнай-газ кәсіпорнындағы жұмыс әрдайым адам өмірі мен денсаулығына қауіппен байланысты болады. Сол себептен қауіпсіздік техникасы мен тәртіптің сақталуын автоматтандырылған бақылауда ұдайы ұстаудың маңызызор, - дейді Андрей Безухов.

Бұл ретте компанияға күрделі тапсырманы шешу қажет болды - байланыс жоғары сапалы және кез келген жағдайда үзіліссіз болуы керек.

– Орталық жабдықтар мен базалық станцияларды бірнеше рет резервтеу радиобайланыс жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.

Операциялық орталықта өзгермелі жағдайларға икемді жауап беруге мүмкіндік беретін бірнеше диспетчерлік станция  іске қосылды.

Жүйені цифрландыру диспетчерге қажетті абонентпен хабарласып қана қоймай, төтенше жағдай кезінде оның орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді.

Жүйеге техникалық қызмет көрсетудің бекітілген тәртібі сервистік жұмыстың профилактикалық сипатын қамтамасыз етті.

ТШО аумағында радиобайланыс жүйесінің құрылысы компаниямыздағы жұмысты қайта қарауға мәжбүр етті. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі компаниямыз үшін әуелден-ақ бірінші орында болатын.

Десек те,ТШО-мен жұмыс тек біздің компания басшылығының ғана емес, барлық қызметкерлердің де қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы жөніндегі  түсінігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді – ТШО-мен жұмыс істеген жылдар ішінде біздің компанияның ондаған қызметкерлері шетелде және Қазақстан Республикасының аумағында арнайы оқудан өтті. Бізде Hi-tech класты жабдықтарды жабдықтарды орнату және іске қосу үшін шетелдік өндірушілердің сертификаттары бар Қазақстан үшін бірегей мамандар пайда болды.

Бүгін мен біздің компания мен ТШО арасындағы ынтымақтастық кәсіби  мамандар командасының бірлескен сәтті жұмысының мысалы деп сеніммен айта аламын, - деді Андрей Безухов.

ТШО жанашыр кәсіпкерлермен, өз елінің нағыз патриоттарымен жұмыс істейді, солардың арқасында Қазақстан ғылымы да дамып келеді. Мысалы, «INTEKNO SG» ЖШС-нің мұнай-газ, тау-кен өндіру, ауыл шаруашылығы және өңдеу кәсіпорындарын химиялық өнімдермен кәсіби  қамтитын химиктер тобы еңбек ететін жеке зертханасы бар. Химиктердің компания жұмысына қосып жатқан үлесі туралы бас директор Жандос Қалдыбаев айтып өтті.

– Қазіргі уақытта мұнай мен газды даярлауға қойылатын талаптар өте жоғары. Төмен сапалы химиялық реагент пайдаланған кезде ақырғы өнімнің – мұнайдың немесе газдың сипаттамалары сәйкесінше төмендейді. Жоғары сапалы химиялық заттарды қолданбай мұнай мен газдың экспорттық сапасын сақтау мүмкін емес. Мұнай өндіру көптеген кезеңдерден тұрады. Алдымен барлау, одан кейін бұрғылау, кейін өндіру, тасымалдау және өңдеу жүреді. Мұнай өндірудің әр кезеңдерінде әртүрлі химиялық реагент қолданылады, мысалы, бір химиялық элемент ұңғымаларды бұрғылауға, екіншісі құбыр арқылы тасымалдауға, үшіншісі өңдеуге, мұнайды су мен қоспалардан тазартуға және т.б. қолданылады. Газдың өзі де кептіру мен тазартудан өтуі тиіс. Біз химиялық өнімдерді әр кезең үшін кешенді түрде жеткіземіз.

Бізде мұнай-газ секторы үшін жаңа өнімдерді әзірлеумен айналысатын зертхана бар, химиктер тобы бар. Біздің компания үнемі жаңа формулаларды, жаңа материалдарды әзірлейді. Алдымен оларды зертханада сынақтан өткіземіз, содан кейін кен орындарына сынақтан өткізуге әкелеміз, содан кейін ғана сертификаттауға жібереміз. Бұл процесс біз үшін үзіліссіз жалғасады. Біз қазір мұнай-газ секторына арналған химиялық өнімдерден басқа, құрылыс секторына арналған химиялық заттарды да өндірумен айналысудамыз. Қазірдің өзінде нәтиже бар,  десек те,құрылыс нарығына импортты алмастыратын өнімдерді шығару үшін тағы біраз уақыт қажет, – дейді Жандос Қалдыбаев.

Сонымен қатар, қазақстандық өнімдер еліміздегі мұнай компанияларының талаптарына жақсырақ жауап береді, өйткені оның өндірісінде барлық мүмкін болатын қиындықтар мен жергілікті жағдай ескеріледі.

– Негізінен материалды өндірушілер жылы елдерде орналасқан, Еуропаның көп бөлігінде ауа температурасы -40 болмайды. Шетелдік компаниялар өнімдерді өздерінің климаттық жағдайларына қарай шығарады, ал бізге және біздің тұтынушыларымызға континенттік ауа райының қатал жағдайларына төтеп беретін материалдар қажет. Шетелдік химиялық өнімдерге материалдар қатып қалмас үшін әртүрлі қоспалар мен қосымшаларды қосуға тура келеді. Біз осының бәрін бастапқыда ескеріп, -40-тан +40-қа дейінгі температура аралығында өз қасиетін сақтайтын химиялық өнімдер даярлаймыз.

Біздің компания мұнайдың қатты компоненттерінің технологиялық жабдықтың беттерінде пайда болуына және түзілуіне жол бермейтін және осылайша оның жұмысының тиімділігі мен қызмет ету мерзімін арттыратын химиялық реагентті сәтті жасап шығарды. Сондай-ақ жақын арада американдық Chevron Phillips – Drilling Specialties Company компаниясының бөлімшесімен бірге бұрғылау реагентін шығаруды жоспарлап отырмыз, олармен меморандумға қол қойылды. Жергілікті шикізатты алып, талдау өткізу үшін олардың зертханасына жібердік. Жіберген шикізаттың жарамдылығы туралы алдын ала растауды алдық, мүмкін, келесі жылы Атырауда бұрғылауға арналған құрғақ реагенттерді шығаратын болармыз,  деді Жандос Қалдыбаев.

ТШО-мен ынтымақтастық компанияның табысты дамуына көмектесуде.

– Әу баста, компанияны құрған кезде бес-ақ адам болдық, қазір 35-тен астам адам еңбек етуде . ТШО бізді халықаралық және заманауи стандарттар деңгейінде жұмыс істеуге ынталандырады және итермелейді. Біз үнемі бизнес-процестерді жетілдіру бағытында жұмыстанамыз, әртүрлі жүйелерді енгіземіз, сондай-ақ кеңседе қызметкерлерімізге жағдай жасауға тырысамыз. Біз ТШО талаптарына сай болу үшін бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар, бұл бізге басқа компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, себебі олар ішкі процестерді ұйымдастырудағы және мердігерлермен қарым-қатынастағы жоғары деңгейімізді көреді. Біз өсіп жатырмыз, жетіле түсудеміз және осылайша тұтынушыларымыздың бізге деген сенімі арта түседі. Біз үшін бұл – тұтынушылар мен қамтушылар базасын, біз өндіретін және жеткізетін өнімдер желісін кеңейтуге көмектесетін басты негіз.

ТШО өзара қарым-қатынас тиімділігін арттыру мақсатында қамтушылар үшін жүйелі түрде тренингтер, семинарлар мен сауалнамалар өткізеді. Пандемия кезінде компания бұл бастаманы онлайн форматта жалғастырып, вебинарлар мен тренингтер ұйымдастырды. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000-нан астам компания қатыса алды.

ТШО-мен жұмыс қазақстандық компаниялар үшін ақша табудан басқа, даму, ірі және күрделі жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынады. ТШО бірге жұмыс істейтін кәсіпорындардың өз күшіне деген сенімділігін оятады және басқа да отандастарын қандай іспен айналысса да өз салаларында жетістікке жетуге шабыттандырады.

ТШО-ның жергілікті нарықтағы шығыстары және олардың облыстар бойынша әсері

IHS Markit - халықаралық талдау агенттігі жақында зерттеу жүргізіп, мұнай-газ саласынан қандай аймақтар пайда көретінін анықтады. ТШО қызметі негізінен Атырау облысында шоғырланғанына қарамастан, компанияның жергілікті нарықтағы орташа жылдық шығындары Қазақстанның қалған облыстары бойынша бөлінген. Мысалы, жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының 26% жуығы Алматы облысының аймағына және Алматы қаласына, негізінен кәсіби қызмет көрсететін көлік және қойма компанияларына немесе фирмаларға бөлінді.

Жоғарыдағы суретте жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының сату белсенділігімен, ЖІӨ-ге қосқан үлесімен және жұмыс орындарымен өлшенетін әртүрлі облыстарға/өңірлерге әсері көрсетілген. Ынталандырылған сатудың жалпы көлемі - бұл ТШО-ның жергілікті нарықтағы тікелей шығындарының және кез келген кейінгі жанама және индукцияланған іс-шаралардың сомасы. Белгілі бір аймақ үшін ынталандырылған белсенділіктің жалпы көлемі жергілікті нарықтағы ТШО шығындарының шамамен екі еселенген мөлшерін құрайды. Кеңейтілген қамту тізбегі бірнеше аймақтың шекарасын кесіп өтуі мүмкін болғандықтан, ТШО-ның бір аймақтағы тікелей сатып алуы басқа аймақтағы қамту тізбегі бойынша белсенділікті арттыруы мүмкін. Мысалы, Атырауда құрылыс қызметтерін сатып алу нәтижесінде Маңғыстау облысының өндірістік секторында сауда белсенділігін тудыруы мүмкін.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33